Емболат – Жайық алабындағы өзен.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 82 км, су жиналатын алабы 890 км2 .

Бастауы Бастауын Жалпы Сырт қыратынан (Ресей аумағынан) алып, Жайық өзеніне Красноармейское ауылы тұсында құяды.

Гидрологиясы Арнасы тар, жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Кішігірім 12 саласы бар. Қараша айының 2-жартысында суы қатып, сәуірдің 2-онкүндігінде мұзы ериді. Суында ақмарқа, қаракөз, табан, қызылбалық (бекіре) бар. Өзен бойында бірнеше шағын бөген салынған.Қазақ энциклопедиясыБатыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Бәйтерек ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері