Ескене мұнай кен орны — Атырау облысы Атырау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км жерде. Кен орны 1932 жылы ашылған. Барлау жұмыстары 1932–1952 жылдары жүргізіліп, 1934 жылдан мұнай өндіріледі

Геологиялық сипаты Тектоникалық тұрғыдан кен орны тұз күмбезді құрылымдармен ұштасқан. Өнімді қабаттары үш мұнайлы горизонтқа бөлінген: апт (тереңдігі 146 – 576 метр), неоком (160 метр) және пермь-триас (255 – 517 метр). Мұнайлы қабаттардың қалыңдығы 3,94-21,6 метр. Коллекторлардың ашық кеуектілігі 23 – 30%. Мұнайдың алғашқы тәуліктік шығымы 1,4 – 296,3 м3.

Тығыздығы, құрамы Тығыздығы 0,793 – 0,924 г/см3, күкірті (0,06 – 0,36%) мен парафині (0,4 – 1,01%) аз. Ілеспе газдың құрамы: метан (59,6 – 75,6%), этан (6,7 – 13,6%), т.б. Қабаттардағы су хлоркальцилі, оның минералдығы 234,6 – 320,1 г/л. Кен орны өндірістік игерілуде.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнай кен орындары Санат:Атырау облысы кен орындары