Хожант (, 1936-1991 жылдары - Ленинабад) — Тәжікстанның ең көне қаларының бірі, көлемі жағынан екінші үлкен қала, шамамен 2500 жыл бұрын, Ескендір Зұлқарнайын заманында негізі қаланған. 2022 жылы Хожант қаласының халқы 198 700 адамды құрады.

Географиялық сипаттама Хожант Сырдария өзенінің жағасында, Қайраққұм су қоймасының астында, Өзбекстанның Бекабат қаласынан 35 км жоғары ағыста, Ферғана алқабында, оңтүстігінде Түркістан жотасының сілемдері мен солтүстігінде Моғолтау тауларының арасында орналасқан. Қала Душанбеден солтүстік-шығысқа қарай 200 км жерде орналасқан.

Тарихы Хожант Грек тарихшыларына сүйенек, біздің дәуірімізге дейін 329 жылы, Ескендір Зұлқарнайын Сырдария өзенінің жағасында бекіністі қамал тұрғызып, оны өз атымен атаған. Кейін келе, өзінің тиімді географиялық және стратегиялық орналасуының арқасында, қамалға тұрғындар тола бастады және сол кездегі өлшем бойынша ірі қалаға айналды. Тарихта Шеткі Александрия (Эсхата) деген атпен танымал болды. Осы көне қаланың дәл орналасу орны, бірнеше жүз жылдар бойы, әртүрлі елдердің ғалымдарын толғандырып келді. Тек XX ғасырдың ортасында ғана Худжандтың б.д.д. IV ғ. және Шеткі Александрияның (Эсхатаның) б.д.д. 329 жылғы екендігі анықталды.

Хожант Ферғана алқабында географиялық тұрғыдан тиімді орналаса отырып, көптеген жылдар бойы гүлденді, сарайлар, мешіттер, мызғымас қамалдар тұрғызды. XIII ғасырда Хожантты Шыңғыс хан әскері басып алып, күл-талқан етті. XIV ғасыр соңында — XV ғасыр басында Хожант, өз облысымен бірге, Темір мемлекетінің құрамында болды. XVIII-XIX ғасырларда қала өте қатты ұлғайып, Орта Азияның ірі қалаларының біріне айналып, территориясы жағынан Қоқан мен Бұхараға дес бермеді. XIX ғ. соңы — XX ғ. басындағы Хожант кәдімгі ортаазиялық қала ретінде болды: қисық әрі тар көшелер, оларды бойлай, бір-біріне жанаса тұрғызылған бақсадан соғылған үйлер, шулы базарлар мен сан-мыңдаған шағын шеберханалар.

Көрнекі жерлері Қазіргі таңда қала Тәжікстанның ірі индустриалды және мәдени орталығы болып табылады. Қазіргі Хожант — жайлы әрі жасыл қала, саябақтары мен скверлері көп, тұрғындары қонақжайлы. Хожанттың қақ ортасынан өтетін Сырдария өзені және оның жайлы жағалаулары — демалыс және шомылу үшін керемет жер.

Хожанттың негізгі көрнекті орындарының арасында — танымал Панчшанбе қалалық базары бар. Ол Орта Азиядағы ең ірі жабулы базарлардың бірі. Келушілерді өзінің сан құбылған реңктерімен, ерекше дыбыстар және иістерімен, жеміс-жидектердің сан-түрлігімен және көптігімен тартып тұрады. Панчшанбе тәжік тілінен аударғанда «бейсенбі» деген ұғым береді — баяғы заманда дәл осы күні үлкен сауда жасалатын болған. Хожанттың географиялық орналасуы мен климаттық шарттары шынымен де берекелі. Сондықтанда, қала орналасқан Ферғана алқабы Орта Азияның інжу-маржаны деп аталады: таулы пейзаж, үнемі ағыс үстіндегі Сырдария сулары, таза ауа, жасыл желек, жүзімнің, жидектің және басқа да жемістің көптігі Хожантты мәңгі жас бақ-қала қылады.

Қалада көптеген көрікті жерлер, соның ішінде бекініс және 1512-1513 жылдары салынған Масжид-и-Джами мешіті сақталған. Сонымен қатар, ежелгі ғимараттар, сондай-ақ осы әйгілі орынның ежелгі тарихына арналған бірқатар ескерткіштер сақталған.

Экономикасы және инфрақұрылымы Хожант — елдің ірі экономикалық және мәдени орталығы. Негізгі салалары - тоқыма, металл өңдеу және тамақ өңдеу. Жібек фабрикалары, аяқ киім фабрикалары, жиһаз фабрикалары, консервілер, ет фабрикалары, сүт зауыттары, май экстракциялау зауыттары, таблетка зауыттары, мақта тазалау зауыттары, әйнек зауыттары, автомобиль жөндеу және басқа да зауыттар, құрылыс материалдары зауыттары, шыны зауыттары, баспа зауыттары, жиһаз фабрикалары осында орналасқан.

Қалада 20-дан астам жалпы білім беретін мектеп, 5 жоғары оқу орны, Тәжікстан Ғылым академиясының және Республикалық Жазушылар одағының филиалдары, 10-нан астам орта арнаулы оқу орындары, кәсіптік білім беру мекемелері, мәдениет сарайы, музыкалық-драма театры және халық театры, өлкетану мұражайы, мәдениет және демалыс саябағы, Ташқожа атындағы Ассирия облыстық кітапханасы, Тәжікстан Ғылым академиясының ботаникалық бағы және мейрамханалар бар.

Дереккөздер

Санат:Жібек жолының бойындағы қалалар Санат:Соғды облысы қалалары Санат:Хожант