Аспаптау - музыкалық шығарманы үрмелі, ішекті халық аспаптары немесе симфониялық оркестрлердің құрамына сай лайықтап, әр аспапқа бөліп жазу.

Бұл кезде композитор немесе аспаптаушы маман оркестр құрамындағы әр аспаптың дыбысталу ерекшеліктерін, диапазонын, үн-бояуын, орындау мүмкіндіктерін мұқият ескеруі қажет. Шығарманың оркестрде үйлесіп, жағымды естілуі ауылы шеберлігіне байланысты. Композиторлар тәжірибесінде шығарманы оркестрге арнай жазудың екі түрлі үлгісі қалыптасқан: бірінде фортепьяноға лайықталған клавирі жазылып, артынан оркестрге арналып аспапталса, екіншісінде жаңа шығарманың оркестрге арналған партитурасы жазылады. Белгілі бір музыкалық аспапқа арналып жазылған шығарманың оркестрге түсірілуі де мүмкін.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Музыкалық терминдер