Төлеген Тілекұлы Жүкеев (19 сәуір 1949 жыл, Доссор ауылы, Мақат ауданы, Атырау облысы) - мемлекет және қоғам қайраткері.

Өмірбаяны Төлеген Жүкеев 19 сәуір күні 1949 жылы Доссор ауылында дүниеге келген.

1972 Әзірбайжан астанасы Бакудегі М.Әзізбеков атындағы мұнай және химия институтын тәмамдаған.

1972-1975 жылдары Атырау облысындағы бірқатар мұнай кәсіпорындарын жұмыс істеген. 1975 жылдан бастап Маңғыстау облысындағы түрлі партиялық қызметтерде болған. 1988-1990 Коммунисттік партияның ОК-ның экономикалық бөлімінде жұмыс істеген. 1991 жылдан бастап Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополияларға шектеу қою комитетітің төрағасының бірінші орынбасары. 1992-1993 жылдары ҚР-дың мемлекеттік кеңесшісі, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасының орынбасары. 1994 ҚР Премьер-Министрдің орынбасары, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 1995-2000 жылдары Оңтүстік Кореядағы ҚР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2000-2005 жылдары Иран ислам республикасындағы ҚР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілері Санат:Қазақстан дипломаттары Санат:Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарлары Санат:Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары