Виктор Михайлович Довженко (3.3.1920, Ресей, Орынбор облысы, Ташлин ауданы, Ташла селосы - 4.3.1945, Польша) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, взвод командирі.
Соғысқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы,Симаки селосына қоныс аударды. 1940 жылы қыркүйекте Кеңес әскері қатарына шакырылған. 1942 жылы кіші лейтенанттар курсын бітіріп, 1943 жылдың ақпанынан бастап майданға жіберілді. 1281-атқыштар полкінің (1 -Беларусь майданы, 47-армия, 60-атқыштар дивизиясы) автоматшылар ротасының командирі аға лейтенант. Довженко 1945 жылы 15 каңтарда Калушин елді мекені (Варшава қаласынан Солтүстік-батысқа карай 25 шақырым) маңындағы шабуыл кезінде автоматшылар тобымен жау тылына өтіп, бірнеше әскерін жойды. 16 қаңтар күні Нова-Двур қаласы жанында алғашқылардың бірі болып Висла өзенінен өтті де, өздігінен жүретін артиллериялық кондырғыны істен шығарып, жаудың 4 әскерін жер жастандырды.
Ерліктері үшін Довженкоға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (27.2.1945).
Ұрыста қаза тауып, Варшавада жерленген. Орынбор облысы Ташла селосындағы бір көшеге есімі беріліп, орта мектептің ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:3 наурызда туғандар Санат:1920 жылы туғандар Санат:Ташлин ауданында туғандар Санат:4 наурызда қайтыс болғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар Санат:Польшада қайтыс болғандар Санат:КСРО аға лейтенанттары Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысындағы рота командирлері Санат:Курск шайқасы қатысушылары Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар Санат:Варшавада жерленгендер