Ғали Закирұлы Закиров (1910 — 1944) — екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия кіші сержанты, бөлімше командирі. Татарстаннан 1940 жылы Закиров отбасымен Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Ильинка ауылына көшіп келіп, жергілікті МТС- та жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы басталарда бір айдан кейін Закиров Солтүстік-Батыс майданы 8-гвардиялық әуе-десанты атқыштар полкінің 3-батальонында ұрыстарға қатысты. 1943 жылы 9 қазанда Днепр өзені бойындағы Ясногородка селосы (Киев облысы, Вышгород ауданы) түбінде плацдармды кеңейту үшін Закиров бөлімшесі 1257-биіктіктегі плацдармды ұстап тұруға тапсырма алды. Закиров жаудың траншеясына бірінші болып басып кіріп, 14 жау әскерін жойды. Биіктік үстіндегі қызу ұрыста Кеңес әскерінің 10 жауынгері жаудың 120 әскеріне қарсы тұрып, 70-ке жуығын жойды.
Көрсеткен ерлігі үшін Закировке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.1.1944).А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-ХУказ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза генералам, офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 10 января 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 19 января (№ 3 (263)). — С. 1
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО кіші сержанттары