thumb Еркін тербеліс , меншікті тербеліс — механикалық, электрлік, т.б. жүйелердің сыртқы әсерсіз, алғашқы берілген энергия (потенциалдық не кинетикалық) есебінен болатын тербелісі. Нақты жүйелердің еркін тербелісі, энергия шашырайтындықтан, әрқашан өшетін тербеліске жатады. Ал сызықтық жүйелердің еркін тербелісі қалыпты тербелістердің суперпозициясы болып есептеледі.Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
Меншікті Тербеліс, еркін тербеліс, сыртқы күштің әсерінсіз, кез келген тербелмелі жүйеде өтеді.
Меншікті тербелістің сипаты, негізінен жүйенің меншікті параметрлері (мысалы, масса, индуктивтілік, сыйымдылық, серпімділік) арқылы анықталады. Нақты жүйелерде энергияның шашырауы салдарынан меншікті тербелістер әрқашан өшетін тербелістерге, ал шығын көбірек болған жағдайда олар периодсыз тербелістерге айналады. Сызықтық жүйедегі меншікті тербеліс қалыпты тербелістердің суперпозициясы болып табылады;Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
Дереккөздер
Санат:Тербеліс Санат:Физикалық процестер