Жаманжал – Балқаш өңірінде, Қаратал өзенінің төменгі сағасындағы құмды алқап.

Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданы жерінде.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 385 м. Батыстан шығысқа қарай 55 – 60 км-ге созылған, ені 30 – 35 км. Бедері қырқалы-жалды келген. Төрттік кезеңнің аллювийлі шөгінділерінен түзілген.Қазақ Энциклопедиясы Ауданы 2000 км2. Құмтөбе жіктердің биіктігі 1012 м.

Өсімдігі Жаманжал даласында шөлге төзімді шеңгел, жыңғыл, жүзгін, теріскен, жусан, батыс бөлігінде сексеуіл өседі. Жер асты суы кермек татиды және жер бетіне таяу жатады (2-3 м тереңдікте). Жаманжал даласы қысқы, көктемгі мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы құмдары