Жарлы — Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Көлтабан ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қарауылкелді (Байғанин) ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде, қара жусан аралас көкпек, бұйырғын өскен ақшыл қоңыр топырақты шөлейтті белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2000 адам (995 ер адам және 1005 әйел адам) болса, 2009 жылы 1998 адамды (1017 ер адам және 981 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1889 адамды (1007 ер адам және 882 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1963 жылы Байғанин атындағы қой шарушалығын ұйымдастыруға байланысты қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары мен серіктестіктер жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Жарлы ауылы Қызыләскер және Қарабұлақ деген екі ауылдан тұрады.

Ауыл суреттері

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері