Мұқатай Жәнібеков (1887 жыл, бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі, Темірші болысы – 1932 жыл) — қоғам-саяси қайраткері, большевик және төңкерісші.
Өмірбаяны Арғын тайпасы, Қаракесек руының Майлық бұтағынан шыққан.«Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017 Ресей империясының Чита қаласы маңындағы Замятин шахтасында жұмыс істеп жүріп, 1905 жылы жұмысшылар ереуіліне қатысқаны үшін шахтадан қуылады. Кейін Лена алтын кеніндегі жұмысшы қозғалысына қатысып (1912), 12 жылға жер аударылады. 1917 жылы босап шығып, Омбыдағы депутаттар кеңесінің жұмысына араласады. Омбы маңындағы Куломзино станциясындағы ақ гвардияшылармен соғыста бір топ достарымен тұтқынға алынып, ату жазасына кесіледі. Қамаудан шығып, астыртын большевиктер ұйымын басқарады. Кейін Колчак әскерлерінің қолына түсіп, Красноярск түрмесіне жөнелтіледі. Бұдан қашып шығып, Омбы уездік милициясының атты әскеріне алынады. Жәнібеков өмірінің соңғы жылдары Петропавл губерниялық атқару комитетіті революциялық трибуналының нұсқаушысы, мүшесі, Қарқаралы уездік милиция бөлімінің, Қазақстан өлкелік милиция мектебінің, Семей қалалық милиция бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Большевиктер Санат:Ресей империясы революционерлері