Рентген Уилһелм Конрад ; 17 наурыз, 1845, Леннеп, Германия — 10 ақпан, 1923, Мюнхен, Веймар Республикасы)Қазақша энциклопедия 7 том. — Немiс физигi.
1845 ж. Леннепеде туған. 1868 ж. Цюрих политехникумын бiтiредi. 1871-1873 ж.ж. Вюрцбург университетiнде, 1874-1879 ж.ж. Старсбург университетiнде iстейдi. 1879-1888 ж.ж. Гиссендегi университетте профессор және физика институтының директоры болады. 1900-1920 ж.ж. Мюнхен университетiнiң профессоры және Физика институтының директоры болады.
Рентгеннiң ғылыми зерттеулерi электромагенитзмге, кристаллдар физикасына, оптикаға, молекулалық физикаға арналады. 1895 ж. ультракүлгiн сәулелерiнен әлдеқайда үлкен рентген сәулелері деп аталатын сәуле шығаруды ашты және олардың қасиеттерiн зерттедi: шағылу, жұтылу, ауаны иондау қабiлеттерi және т.б. нобай|Алберт фон Көлликердін рентген суреті, Рентгенмен жасалған, 1896 жыл, 23қаңтар. 1885 ж. электр өрiсiнде қозғалатын диэлектриктiң магнит өрiсiн ашады.
Ретгеннiң көптеген жұмыстары сұйықтардың, газдардың кристалдардың қасиеттерiн, электромагниттiк құбылыстарын зерттеуге арналған. Ол кристаллдардағы электрлiк және оптикалық құбылыстардың өзара байланысын ашты. 1901 ж. Рентгенге өзiнiң атымен аталатын сәуленi ашуы үшiн физиктердiң арасында бiрiншi болып Нобель сыйлығы берiлдi.
Дереккөздер
Санат:Цюрих университеті түлектері Санат:Германия физиктері Санат:Гиссен университетінің профессорлары Санат:Мюнхен университетінің профессорлары Санат:Германия өнертапқыштары