Көлбай ауылы — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Көлбай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 82 км жерде, Ащыөзек өзенінің сол жағалауында, қылқан боз, сұлыбас басым өскен бозғылт қоңыр топырақты тау алдының шөлейтті жазығында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен18201531 1465 95,7 801 756 94,4 730 709 97,1
Тарихы Іргесі 1974 жылы қызылша өсіретін Комсомол” кеңшары ретінде қаланған. Оның негізінде Көлбайда серіктестік және шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, балабақша, клуб, сауда орталығы, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том.
Дереккөздер
Санат:Алакөл ауданы елді мекендері