Көлтоған (1992 жылға дейін — Алексеевка)О пpисвоении наименований и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Боралдай ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 36 км-дей жерде, бұта аралас бетеге, сұлыбас, селеу өскен қоңыр топырақты тау аралық қоңыржай агроклиматтық белдеуде орналасқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1495 1324 88,6 771 696 90,3 724 628 86,7
Тарихы 1992 жылға дейін "Алексеевка" деп аталып келген. 1960 – 97 жылдары сүт өндіретін “Коммунизм жолы” ұжымшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Көлтоғанда және округке қарасты Ертай, Рысбек батыр, Ақтасты, Қошқарата, Қызтоған ауылдарында ӨК-тер және 7 шаруа қожалығы құрылды.
Инфрақұрылымы Ауылда 3 орта, 2 орталау, 1 бастауыш мектеп, 4 кітапхана, 3 мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, фельдшірлік-акушерлік пункт, 4 фельдшірлік пункт бар.
Атау тарихы Көлтоған ауылының оңтүстігінен күн батысына дейін Қаратау сілемдерінің Бөкей тау бөлігі қоршап жатыр. Ілгеріде тау аңғарында көл болған дейді. Таудан аққан суы мол бұлақ көзі сол айдынға құяды екен.Кейінірек жер сілкінісінің салдарынан әлгі бұлақ көзін тау жыныстары басып қалған. Содан тоған суы тартылып кеткен. Ауыл атауы соған байланысты Көлтоған аталған.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Жуалы ауданы елді мекендері