Көшек хан, кейде Көшек сұлтан (?-1748) – Орта жүздің сұлтаны, найман тайпасының құрамындағы садыр руының билеушісі. Орта жүзге ең беделді әрі адал Хан атағы болған. Көкжал Барақ батырға ағайын туыс және Әбілқайыр ханның баласы Нұралы ханның қайын атасы.

1733 жылы Найман елін басқарған кезінде Ресейдің қол астына өтуге ант берген. 1742 жылы жоңғарлармен бейбіт бітім жасалған уақытта Көшек хан келісімшартқа белсенді түрде қатысып, өз мөрін басқан. Ең соңғы мәлімет-деректерде Көшек ханның қазақ билеушілерінің арасында аса беделді болғанымен, ол туралы мәліметтер аз көрсетіледі, сондай-ақ ол 1748 жылға дейін Найман ханы болған деп саналады.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Әдебиет

Ерофеева И.В. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах/Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В.Ерофеева. Алматы: АО "АБДИ Компани", 2014. - 696 с. + вкл. 44 с. — ISBN 978-9965-832-26-0.

Дереккөздер

Санат:Төрелер