thumb| right Гаусс теоремасы, электр динамикасында — электр статикасының S тұйық бет арқылы өтетін электр индукциясының (D) сол бетті қамтитын көлем (V) ішіндегі зарядқа (Q) пропорционалдығын тұжырымдайтын негізгі теоремасы.
СГССИ мұндағы — тұйық бет арқылы өтетін электр өрісі кернеулігінің ағыны. — беті қамтып тұрған көлем ішіндегі толық заряд. — электр тұрағы. Бұл өрнек теореманың интегралдық түрі.
Ескерту: кернеулік векторының ағыны беттің ішіндегі үлестіріліміне (зарядтардың орналасуына) байланысты емес.
Дифференциалдық түрінде Гаусса теоремасы былай жазылады:
СГССИ Мұндағы — еркін зарядтың көлемдік тығыздығы (орта бар кезде — еркін және байланысты зарядтар қосындысының тығыздығы), ал — набл операторы. Бұл формула электр магниттік өріс үшін Максвелл теңдеулерінің 4-сінің интегралдық түрі және ол электр зарядының электр өрісінің көзі екендігін дәлелдейді.
Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том
Санат:Электродинамика