Фурманов каналы – Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесіндегі канал.
Географиялық орны Бастауын Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы жеріндегі Дөңгелек бөгенінен алады. 1961 жылы іске қосылған.
Гидрологиялық сипаты Арнасының ұзындығы 52,5 км. Казталов және Жаңақала аудандарының біршама елді мекендерін сумен қамтамасыз етеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Дереккөздер
Санат:Батыс Қазақстан облысы каналдары