Хабарасу – Тарбағатай жотасының шығыс бөлігіндегі асу.
Географиялық орны Абай облысы Үржар және Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандары жерінде, Қытайға шекаралас орналасқан.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 2370 м. Жотасының оңтүстік беткейіндегі Ақшоқы ауылынан шыққан соқпақ жол Қарақитат өзенінің бастауы арқылы солтүстік беткейіндегі Томар елді мекеніне дейін жетеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том
Дереккөздер
Санат:Абай облысы асулары Санат:Шығыс Қазақстан облысы асулары