Үшбиік — Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл, Үшбиік ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау аулынан оңтүстік-батысқа қарай 131 км жерде, Ащысу өзенінің сол және оң жақ аңғарларына орналасқан.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2050 1436 1264 88 696 636 91,4 740 628 84,9
Тарихы Іргесі 1961 жылы ұсақ ұжымшарларды біріктіруге байланысты ұйымдастырылған қой кеңшарының орталығы ретінде қаланған. Кеңшар негізінде Үшбиікте және округке қарасты Еңірекей (Өңірекей) ауылында 40-тан астам шаруа қожалықтары құрылды. Үшбиік арқылы Түрксіб темір жолы мен республика маңызы бар Алматы — Өскемен автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Жарма ауданы елді мекендері