Белбасар, Беласар — Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл, Ескішу ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Төле би ауылынан оңтүстікке қарай 20 км-дей жерде, Шу өзенінің оң жағалауында, шөлді белдемде орналасқан. Ең жақын темір жол станциясы — Шу (20 км).

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен23812473 2370 95,8 1236 1204 97,4 1237 1166 94,3

Кәсіпорындары Белбасар ауылында астық және қант қызылшасын қабылдау пункттері, диірмен, ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу шеберханасы, нан зауыты жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Емхана, орта мектеп, т.б. мекемелер бар. Белбасар арқылы Бішкек — Шу автомобиль жолы өтеді, тұрғындары көрші елді мекендермен ауыларалық жолдар арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Шу ауданы елді мекендері