Ақжайық — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, Ақжайық ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Орал қаласының оңтүстігінде 70 км-дей жерде, Жайық өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Инфрақұрылымы Ауылда нан зауыты, жалпы білім беретін және спорт мектептері, мәдениет үйі, жол жөндеу учаскесі, аурухана, дәріхана, балабақшалар бар. Ақжайық арқылы Орал — Атырау автомобиль жолы өтеді.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2991 адам (1453 ер адам және 1538 әйел адам) болса, 2009 жылы 2975 адамды (1448 ер адам және 1527 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2943 адамды (1520 ер адам және 1423 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Теректі ауданы елді мекендері