Үштөбе — қала (1961 жылдан), Жетісу облысы Қаратал ауданының және Үштөбе қалалық әкімдігі орталығы, темір жол бекеті.

Тарихы Іргесі 30-жылдардың бас кезінде Түрксіб темір жолының салынуына байланысты қаланған.

1961 жылы 21 маусымындағы ҚазКСР–нің Жоғарғы Кеңес президиумының бұйрығымен Үштөбе посткеңесі жойылып, Үштөбе қалалық кеңесі құрылды.

Қазақстан Республикасының «Жергілікті өкілетті атқарушы және органдар туралы» Заңына сәйкес 1993 жылы 10 желтоқсанда № 2578-х 11 Үштөбе қалалық әкімшілігі құрылды.

1995 жылдың 6 - қазанындағы Талдықорған облысы әкімінің №6 – 1 ө, өкімі бойынша Үштөбе қалалық әкімшілігі Үштөбе қалалық округіне ауысты. 1996 жылдың 20 қарашасында Талдықорған облысының Маслихатымен және Талдықорған облысы әкімінің № 13-132/182 шешіміне байланысты Ойсаз, Үшкөмей (Приморец), Достық ауылдары Үштөбе қалалық әкімдігі аумағына енді. 12 – қыркүйекте Қаратал ауданы әкімінің № 223 қаулысына сәйкес Үштөбе қалалық округі «Қаратал ауданының Үштөбе қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылды.

Географиялық орны Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 51 км жерде, Қаратал өзенінің оң жағасында орналасқан.

Кәсіпорындары Өндіріс орындарынан Үштөбеде жөндеу механикалық, май зауытттары, киіз үй, тігін факультеткалары, ет комбинатқа, “Фрунзе” тәжірибе-шаруашылық стансасы, “Палтел” ЖШС-і, “Опытное” ауыл шаруашылықғы ӨК, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері, баспахана, құрылыс-монтаж пойызы, 2 жылжымалы механикалық колонна, астық қоймасы, мұнай тасу, автомобиль базалары бар.

Бүгінгі күнде шағын және орта кәсіпорындар саны – 48, жеке меншік кәсіпкерлер саны 1455, шаруа қожалықтар саны – 82.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2247224895 19744 79,3 11801 10152 86 13094 9592 73,3

Инфрақұрылымы Әлеуметтік салада 4 орта, спорт, музыка мектептері, балабақша, 3 кітапхана, ауданы және темір жолы ауруханалары, тубдиспансер, санэпидстансасы, 2 дәріхана, т.б. мекемелер қызмет істейді.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3Қазақ энциклопедиясы, 9 том

Сауда үйлер саны – 6, дүкендер – 143, базар – 4, мейрамханалар – 3, кафелер – 9, асханалар – 5, қонақ үйлер – 3, шаштараздар – 12, киім тігу және жөндеу – 6, монша - 2, сауналар – 3, бильярд клубтары – 1, АЖҚС ( АЗС) – 8, жерлеу салт жоралары қызмет көрсету – 3, ТҚКО (СТО) және көлік жуу тұрақтары – 8, компьютер орталықтары – 3, ломбард – 3.

Дереккөздер

Санат:Жетісу облысы қалалары Санат:Қаратал ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері