Бурабай — Ақмола облысының Бурабай ауданындағы кент, Бурабай кенттік әкімдігі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы — Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км, аудан орталығы — Щучинск қаласынан 22 км жерде, Бурабай көлінің солтүстік-шығыс жағасында, қарағайлы-қайыңды орман өскен сұлу Көкшенің етегінде орналасқан.
Халқы Тұрғыны: 6,5 мың адам (1998); 5,8 мың адам (2012).
+ Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен4225 3503 82,9 1933 1626 84,1 2292 1877 81,9
Тарихы Іргесі 1910 жылы қымызбен емдеу шипажайының ашылуына байланысты қаланған. 1939 жылдан кент. Оның төңірегінде көптеген денсаулық сақтау мекемелері ұйымдастырылған. Мұнда Қазақстандағы ең ірі Бурабай шипажайы орналасқан. Одан басқа балалар санаторийі, әскери санаторий және демалыс үйі, медициналық жабдықтар жөндеу шеберханасы, орман шаруашылығына, жалпы білім беретін мектептер, музыкалық мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, табиғаттану музейі, т.б. мекемелер бар.
Дереккөздер
Санат:Бурабай ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері