Жағалау күзеті — кейбір елдердің Қарулы Күштеріндегі арнайы әскер түрі. Су үстімен өтетін шекараны, теңіз, өзен байлығын күзету, сондай-ақ, контрабандыға қарсы күрес үшін қолданылады. Жағалау күзетіне күзет кемелері, мұзжарғыштар, сақшы катерлері, ұшақтар мен тікұшақтар пайдаланылады. Кейбір елдерде, мысалы, АҚШ-та, жағалау күзеті соғыс уақытында Әскери-теңіз күштерінің резерві болып есептеліп, жағалауға түсірілген жау десантынан жағалаудағы коммуникацияларды, әскери-экономикалық базаларды, порттарды қорғайды, суда іздеу-құтқару операцияларын жүргізеді. Қазақстан Республикасында жағалау күзеті (Каспий теңізі, Ертіс, Іле өзендерінде) шекара әскерлеріне жүктелген.

Дереккөздер

Санат:Әскери іс