Белкөл — Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты кент (1987 жылдан), темір жол бекеті, Белкөл кенттік әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Қызылорда қаласының шығысында 3 км жерде, Ташкент-Орынбор темір жолы бойында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2717 адам (1799 ер адам және 1218 әйел адам) болса, 2009 жылы 2843 адамды (1418 ер адам және 1425 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы Іргесі 1904-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолының салынуына байланысты қаланған. Белкөлде Қызылорда қаласы кәсіпорындарының бөлімшелері және тағы басқа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен мекемелер орналасқан.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том.

Кент суреттері

Дереккөздер

Санат:Қызылорда қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері Санат:Қазақстан кенттері