Алқа () – алқалар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.

Орман алқабында, қалың шөп арасында, өзен-көл жағалауында, бұлақ маңында өседі. Оның Қазақстанда: ащы алқа, түксіз алқа, картоп, баклажан, парсы алқасы, қара алқа, ольга алқасы сияқты 7 түрі бар. Биікт. 20-80 см, кейде 2-3 м келеді. Сабағы тік не жайылып өседі. Жапырағы бүтін жиекті, қалақ не күрделі қауырсын пішіндес. Гүлі ақ, кейде көкшіл түсті. Ол қалқан тәрізді гүлшоғырына шоқталған. Маусым — тамыз айларында гүлдеп, шілде — қыркүйекте жемістенеді. Жемісі — жидек не түйнек. Жемісі мен сабағында соланин алкалоиды бар. Шикі жемісі мен сабағы, жапырағы улы болады. Қара Алқаның жемісін тамаққа пайдаланады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Алқалар