Мәскеу () — Қостанай облысы Қостанай ауданындағы ауыл, Мәскеу ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы Тобыл қаласынан солтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде, Қостанай жазығында орналасқан.

Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 2329 адамды (1139 ер адам және 1190 әйел адам) құраса, 2009 жылы 1929 адам (957 ер адам және 972 әйел адам) болды.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1954 жылы тың жерлерді игеруге байланысты бұрынғы “Қоскөл” мал бордақылау кеңшарының негізінде қаланды. 1997 жылдан кейін кеңшар негізінде мұнда 3 ЖШС ұйымдастырылды. Московское арқылы Қостанай – Троицк (Ресей) темір жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Қостанай ауданы елді мекендері