Муррей, МарриҚазақстан энциклопедиясы, VI-том – Аустралиядағы ең ірі өзен. Ұзындығы 2508 км (Дарлинг өзенімен қоса есептегенде 3750 км). Алабының ауданы 1057 мың км².
Географиясы Бастауын Австралия Альпісінің батыс беткейінен алып Александрина шығанақ-лагунаға құяды (Үлкен Австралия шығанағында). Басты салалары – Дарлинг және Маррамбиджи. Қар және жаңбыр суымен толығады. Көктем, жаз айларында (жаңбырлы маусымда) су деңгейі көтеріледі; ал қыста (құрғақ мезгілде) деңгейі төмендеп, салаларының көпшілігі құрғап қалады. Жылдық орташа су ағыны 10,5 км3, орташа су ағымы 330 м³/с.
Маңызы Суы жер суаруға пайдаланылады. Өзенде Илдан, Хьюм, т.б. бөгендері, Барринджак, Хьюм СЭС-тері салынған. Балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Көліктік маңызы зор, сағасынан Олбери қаласына дейін кеме жүзеді. Өзен бойында Марри-Бридж, Морган, Ренмарк, Кундрук, Олбери қалалары орналасқан.
Дереккөздер
Сілтемелер
Murray River™ - Official Murray River travel website
Санат:Аустралия өзендері