Талас облысы () — Қырғызстанның кішкентай облыстарының бірі, Қырғызстанның солтүстік — батыс бөлігінде орналасқан.

Талас алқабында және Қырғыз Алатауының бөктерінде орын алады. Солтүстік және батыс жағынан Қазақстанның Жамбыл облысыменен, оңтүстікте Жалалабат облысымен, шығыста Шу облысымен шектеседі. Кеңес үкіметінің кезінде Талас облысы Шу облысының құрамына кірген. 1997 жылы облыс болып құрылды.

Орталығы — Талас қаласы.

Жер көлемі — 11,4 мың км².

Халық саны — 208,5 мың адам

Халық тығыздығы — 19 адам/км²

Әкімшілік бөлінісі — 1 қала, 35 ауылдық округ, 91 ауыл.

Әкімшілік бөлінісі Облыс 4 ауданға бөлінеді: Айтматов ауданы — Қызыладыр ауылы Бақайата ауданы — Бақайата ауылы Манас ауданы — Покровка ауылы Талас ауданы — Көкой ауылы

Ұлт құрамы (1999 жыл) Қырғыздар — 175 мың (88,4 %) Орыстар — 8 мың (4,0 %) Күрдтер — 5 мың (2,5 %) Қазақтар — 3 мың (1,5 %) Украиндар — 1 мың (0,5 %)

Санат:Талас облысы