Бұлдырты – Жайық алабындағы өзен.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданындағы Ақсуат ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1 км жерде.

Бастауы Былқылдаған және Жосалы бұлақтарының қосылған жерінен Бұлдырты аталады, оңтүстікте Жалтыркөл көліне құяды. Ұзындығы 195 км, су жиналатын алабы 4660 км2. Жалпы ұзындығы 258 км болатын 8 саласы бар. Басты салалары: Шилі, Тамды, Жымпиты. Жылдық орташа су ағыны 1,6 м3/с (Абай ауылы тұсында).

Гидрологиясы Бастауынан Қарағаш ауылына дейін өзен аңғары өте жатаған беткейлі келеді (биіктігі 20 м-ге дейін). Кей жерлерде оның екі жағасын бойлай құм төбелер созылып жатады. Бұлдырты өзенінің алабында жалпы су көлемі 0,85 млн. м3 болатын 6 тоған салынған. Суы шабындықтарды суаруға пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясы II том

Дереккөздер

Санат:Сырым ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері