Сейдуалы Тілеуқүлов (4.3. 1932 жылы туған, Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылы) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1984).

Ташкент мемлекеттік университетін бітірген (1956). 1956 – 1998 ж. Ташкенттегі Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институтта оқытушы, тарих факультетінде декан, кафедра меңгерушісі болды. «Өзбекстанды суландыру тарихы», «Түркістандағы ұлт-азаттық күрестің тарихы» атты ғылыми кітаптар жазған."Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:1932 жылы туғандар Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан тарихшылары