Еуровалюта Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9]], 3 том — 1) Еуропа банкілері бірінің басқа елдің банкісіне жергілікті валютамен салынған ақшалай қаражаты. Мысалы, еуромарка, еурофранцуз маркасы, еурофунт стерлинг, еуроиена. Мысалы, Еуропа банкісіне жапон банкісінің жапон иенасымен салған салым ақшасы осы банкіге еуроиенамен несие беруге негіз болады. Неғұрлым кеңінен таралған еуровалюта — еуродоллар; 2)жекелеген елдердің эмитент елден (ақша шығарушы елден) тысқары елдерге таралған ұлттық валюталары. Олармен жасалатын операцияларды шетелдік банкілер елеулі ауқымда жүзеге асырады.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер

Санат:Қаржы Санат:Экономика

en:Foreign currency denominated account fr:Euromonnaie it:Eurovaluta pt:Euromoeda ru:Евровалюта uk:Євровалюта