Шолақбұлақсор – Ертіс алабындағы ағынсыз көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты аумақта. Теңіз деңгейінен 104,0 м биіктікте.
Гидрографикасы Ауданы 10,6 км2, ұзындығы 9,5 км, ең енді жері 2,5 км, жағалауының ұзындығы 36,4 км. Приозерное ауылынан солтүстікте 5 км жерде жатыр. Көл қазаншұңқырының жағалауы жатық, сортаңды. Наурыздың соңы – сәуірдің басында деңгейі көтеріліп, жазда төмендеп, сорға айналады. Қарашаның 2-жартысында қатып, сәуірдің соңғы онкүндігінде мұзы түседі. Алабы жайылым.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Дереккөздер
Санат:Ақсу көлдері Санат:Ертіс су алабы