Солтүстік Қоңырат вольфрам-молибден кен орны - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан.

Кен орны 1942-1946, 1949-1954, 1960-1964 жылдары барланған.

Геологиялық құрылымы Кентас кендері Қоңырат массивінің биотитті граниттерінде және жоғары девон (D3) мен төмен карбонның (С1) шөгінді-метаморфтық, эффузия-туфогендік тау жыныстарының жапсарында дамыған кварц желілерінде, грейзендерде, грейзенденген граниттерінде орналасқан.

Жатыс сипаты, минералдары Қалыңдығы 0,5-0,9 метрдей 60-қа жуық ірі кварц желілері мен грейзендер бір-біріне қатарласа, салалана орналасқан 6 белдемге шоғырланған. Кентастың басты минералдары: вольфрамит, молибденит, висмутин, шеелит, т.б. Шашыранды химиялық элементтеріне селен, теллур, рений, скандий жатады. Тереңдігі 15-40 метр болатын тотығу белдемдерінде повеллит, бисмутит, бисмит, т.б. кездеседі. Кентасы жеңіл байытылады. Қоры жағынан шағын кендерге жатқызылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы кен орындары Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) географиясы Санат:Қазақстан вольфрам кен орындары Санат:Қазақстан молибден кен орындары Санат:1942 жылы пайда болғандар