Бестам (1997 жылға дейін — Ленино) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Бестам ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстікке қарай 3 км жерде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1573 адам (796 ер адам және 777 әйел адам) болса, 2009 жылы 1788 адамды (908 ер адам және 880 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы Ауыл 1997 жылға дейін "Ленино" деп аталған. Іргесі 20 ғасырдың 20 жылдары аты шыққан ұжымдастыру кезінде қаланды. 1928-1996 жылдары күріш өсіретін Ленин атындағы ұжымшар бөлімшесінің орталығы болған. Бөлімше негізінде Бестам ауылында 24 шаруа қожалығы жұмыс істеді.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Шиелі ауданы елді мекендері