Надеждинка — Қостанай облысы Қостанай ауданындағы ауыл, Надеждин ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Тобыл қаласынан солтүстікке қарай 63 км-дей жерде, Тобыл өзенінің сол жағасында.
Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1925 адам (948 ер адам және 977 әйел адам) болса, 2009 жылы 1388 адамды (655 ер адам және 733 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланды. 1954-95 жылдары астық өндірумен айналысатын кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Надеждинкада және округтегі Майалап ауылында 1996 жылдан бері бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Дереккөздер
Санат:Қостанай ауданы елді мекендері