Неман“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 () – Беларусь, Литва және Ресей жерімен ағатын өзен. Ұзындығы 937 км, алабының ауданы 98,2 мың км². Минск қыратының оңтүстігінен басталып, Балтық теңізінің Курша шығанағына атырау жасап құяды. Орташа су ағымы Смалининкай қаласы маңында 540 м3/с. Желтоқсаннан наурызға дейін мұз құрсанып жатады. Днепрмен Огинский және Висламен Августовский су жолдары арқылы жалғасқан. Негізгі салалары: Березина, Мяркис, Нярис (оң), Щара, Шяшупе (сол). Өзенде Каунас СЭС-і және бөгені салынған. Неман алабында Чяпкяляй қорығы ұйымдастырылған. Неман бойында Гродно (Беларусь), Друскининкай, Каунас (Литва), Советск (Ресей), тағы басқа қалалар орналасқан. Сілтемелер Өзен Волга Днепр Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша өзендер Санат:Литва өзендері Санат:Беларусь өзендері Санат:Ресей өзендері