Эр және Луар () — Франция орталық бөлігінің солтүстігіндегі департамент, Центр аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 28. Әкімшілік орталығы — Шартр. Халық саны 407,7 мың адам (департаменттер арасында 55-ші орын, 1999 ж.).
Географиясы Жер аумағы 5880 км2. Департамент Луар аңғарында орын тепкен.
Департамент 4 округ, 29 кантон және 403 коммунаны қосады.
Тарихы Эр және Луар — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Байырғы Орлеане, Перш және Шартрен провинцияларының аймағында пайда болған. Атауы Эр және Луар өзендерінен шыққан.
Тағы қараңыз Эр және Луар департаментінің коммуналары
*