Аққұдық — Маңғыстау облысы Қарақия ауданы, Сенек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орналасуы Аудан орталығы Құрық ауылынан шығысқа қарай 196 км-дей жерде, Қарынжарық ойысының батыс жиегінде орналасқан.
Тарихы Ауыл 1969–1995 жылдар аралығында қаракөл қойын өсіретін Ералиев атындағы кеңшардың ферма орталығы болып келген. Оның негізінде Аққұдықта шаруа қожалықтары құрылды.
Халқы 1999 2009 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 270 255 151
Инфрақұрылымы Ауылда негізгі мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік акушерлік пункт бар.
Дереккөздер
Санат:Қарақия ауданы елді мекендері