Дербес — Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Темірланнан оңтүстікке қарай 25 км-дей жерде.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен16771868 1424 76,2 930 720 77,4 938 704 75,1
Тарихы Іргесі 1930 жылы «Қызылту» ұжымшары негізінде құрылған. 1935 жылы мақтадан мол өнім алып, Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысып, мақтау қағазымен марапатталды. Дербес 2001 жылға дейін "Қызылту" аталып келді, ұжымшар негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.
Инфрақұрылымы Мектеп, клуб, дәрігерлік пункт, "Кептер Күміс" деген ескі әулие қорымы бар.
Дереккөздер
Санат:Ордабасы ауданы елді мекендері