thumb|Қағба - Ислам дінінде Құбыла, бүгінгі күнгі Сауд Арабиясының Мекке қаласында орналасқан. Әлемнің әр елінен жиналған мұсылмандар Аллаға бірігіп құлшылық етуде thumb|Медине қаласындағы Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мешіті
Ислам () — әлемдік монотеисттік-ибраһимдық дін. Христиандықтан кейін дүниеде ең көп таралған дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланың заңдарына) «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Исламның ортақ тұлғасы — Мұхаммед пайғамбар. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы — Құран Кәрім () — классикалық әдеби араб тілінде () Алла тарапынан түсірілген деп сеніледі.
Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Алла әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.. Мұсылмандардың сенімі бойынша соңғы пайғамбар — Алланың елшісі Мұхаммед .
Исламның негіздері Имам Муслим хадистер жинағында Омар ибн әл-Хаттабтан жеткен хадисте Мұхаммед пайғамбар Исламның үш мәртебесін айтып, олардың негіздерін атайды«Сахих Муслим», 1-ші хадис
Иман
Иман () — мұсылмандықтың ең үлкен дәрежесі. Иман алты негізден құралып, көбінесе адамның ішкі қасиеттерін реттейді: Аллаға иман келтіру Періштелерге иман келтіру Қасиетті кітаптарға (Құран, Інжіл, Тәурат, Забур) иман келтіру Пайғамбарларға иман келтіру Ақырет күніне иман келтіру Тағдыр мен қазаға иман келтіру
Иман сөзі — араб тіліндегі «ә-мә-нә ()» етістігінен шығып, ифғал () бабында қолданылған масдар ( — түбір сөз) болып саналады. Ал жалпы иман ұғымы — бір адамның сөйлеген сөзін қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қабыл ету, күмәнға жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды береді. Иман еткен кісі «мумин ()», иман етілген нәрселерге де «муминун би… ()» дейді.
Аллаһқа сену
Алла́ () — «ләфз әл-джәләлә» (ұлықтық сөзі), бiр ғана құдай бар екенін бiлдiретiн араб сөзi. «Алла» сөзі кейбір ғалымдардың пайымдауынша арабтың «иләһ (құдай)» сөзіне «ال» артиклін жалғау арқылы пайда болған. Бұл есім Алланың ең әуелгісі және ең ұлысы саналады. «Алла» есімін тек қана Аллаға қолдануға болады. Әдеттегіде «Алла» сөзімен қоса «Тағала» немесе «Субханаһу уә Тағала» деген оның ұлықтығын білдіретін сөздер қолданыладыمعنى الله في قاموس المعاني — AlMaany.com.
Мұсылмандардың сенiмi бойынша, Алла — бүкіл әлемнің жаратушысы және билеушісі. Алладан басқа ешкім бұндай күш иесі емес. Алланың болуы ғалам үшiн өте керек нәрсе, оның жоқтығы мүмкiн емес. Аллаға тең ешкім жоқ, және бұны дініне қарамастан адамзаттың көпшілігі мойындайды. Алла сөзінің зор маңызы бар. Барлық өте жақсы аттар және сипаттардың иесi, ол жалғыз. Алла мәңгi, ол туылмаған және тумайды да. Оның ойына адамның ақылымен жету мүмкiн емес. Бірақта Оны Құранда жазылған, Сүннеттен жеткен сипаттармен сипаттауға болады. Алланың Жаратушы, барлығын бақылаушы екенін Құран Кәрімдегі мына аяттар баяндайды:
Алланың таухиді (бірқұдайшылық) мынадай бөліктерден құралған: Алланың бүкіл әлемнің Жаратушысы, Ризықтандырушысы және Басқарушысы екеніне, өлтіретін де, тірілтетін де тек қана Алла екеніне, қиындықта көмектесіп, дұға-тілекті орындайтын тек қана Алла екеніне, Одан басқаның бұл істерге күші мен құдіреті жетпейтініне сену; Барлық құлшылықты тек қана Аллаға арнау; өз-өзіңді төмен санау, бағыныштылық, махаббат, иілу және сәжде ету, құрбан шалу мен ант ішуді ешбір серігі жоқ Аллаға арнау; Алла Тағаланың Кітабында және Пайғамбарының Сүннетінде келген есім-сипаттарын мойындап, Оны барлық кемшілік атаулыдан, жаратылыстарға ұқсаудан пәктеу;«Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 6-шы бет. ISBN 5-94824-071-1
"Алла" сөзінің ислам шариғатындағы түсіндірмеcі thumb|right|Пәкістандағы тасқа қашалған Алла сөзі «Алла» сөзі Алла Тағаланың барлық көркем есімдерін жинақтаушы есім. Арабтар бұл сөзбен құлшылық етілетінді, яғни сол құлшылыққа лайықтыны атайды. Құранда айтылған:
Яғни жерде де, аспанда да оған құлшылық қылынады. «Алла» сөзінің мағынасы: Жаратылыстар махаббатпен, ұлықтаумен және бағыныштылқпен құлшылық қылатын Құдай. Барлық көркем сипаттар жиналған Құдай, Кәміл, Ұлық және Көркем. Барлық жаратылыстарды білімімен қамтыған Білуші, күшінен ештеңе айра алмайтын Құдіреттіبيان معنى اسم (الله) جل جلاله — AlAgidah.com .
Аллаһқа серік қосу (ширк) thumb|right|«Лә иләһә илл-Аллаһ» куәлігі жазылған байрақ
Араб тілінде «ширк» () сөзі «екі затты тең қылу» деген мағына береді. Ал шариғатта бұл терминнің жалпы және жалқы мағынасы бар: Ширктің жалпы мағынасы: Алланың жеке өзіне тән болған сипатын немесе айырмашылығын басқаға телу. Бұндай ширктің үш түрі болады: Біреуді Алланың жаратушылық-раббылық сипатына теңеу, немесе осы сипаттармен Алладан басқаны сипаттау; Тек Аллаға ғана тиесілі болған есім-сипаттарды басқа біреу де иеленеді деп есептеу; Алла Тағалаға құлшылықта серік қосу, яғни құлшылықтың кез келген түрін Алладан басқаға арнау«Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 20-шы бет. ISBN 5-94824-071-1; Ширктің жалқы мағынасы деп Алладан басқадан Оған дұға еткендей дұға қылу, Одан қалай шапағат тілесең солай шапағат тілеу, Оған қалай үміт етсең солай үміт ету, Оны қалай жақсы көрсең басқаны солай жақсы көру. Құран мен Сүннетте ширк туралы айтылса негізінен осы түсініледі.
Басқа жағынан алсақ ширк екі түрге бөлінеді: үлкен және кіші ширк. Үлкен ширк () деп Алладан басқаға құлшылық ету, басқаны Аллаға теңеуді атайды. Үлкен ширк адамды Исламнан шығарып, оның тозақта запталуына себеп болады; Кіші ширк () деп үлкен ширкке апаратын істерді немесе Құран мен Сүннетте «ширк» деп аталған, бірақ дәрежесі үлкен ширкке жетпейтін нәрселерді атайды«Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 21-ші бет. ISBN 5-94824-071-1.
Ислами сенім (ақида) бойынша Аллаға серік қосудың зардабы өте ауыр, тіпті сол ширкте қайтыс болған адам мәңгі-бақи тозақта қалады деп есептелінеді. Құранда айтады:
Алланың көркем-есімдері
Мұхаммед пайғамбар айтқан:
Алланың көркем есімдеріне сену мұсылманның жанына және оның Жаратушыға деген ғибадатына үлкен әсер етеді. Аллаға жан-тәнімен құлшылық қылудағы мән-мағынаны табу — бұл әсердің бір нәтижесі болып табылады«Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 25-ші бет. ISBN 5-94824-071-1. Сонымен қатар Аллаһқа сену, Оның есім-сипаттарына сену — адам баласына Алладан қорқыныш сезімін ұялататын ең үлкен факторлардың бірі, себебі адам Жаратушысын көбірек таныған сайын, Одан қорқынышы көбейе береді.
Қасиетті кітаптарға сену Арабтың «китаб» () сөзі «жазу» мағынасын беретін «китаба» () сөзінен шыққан. «Жазба», «жазуы бар бет» мағынасын береді. Ал «қасиетті кітаптар» деп Аллаһтың елшілеріне түсірілген Аллаһтың сөздері жазылған кітаптар мен парақтарды атайды. Бұл кітаптар жазылған күйде (Тәурат сияқты) немесе түскеннен кейін жазылған аян түрінде түсіріледі.
Ислам дінінде Алладан келген кітаптарға сену иманның шарты болып есептеледі. Кітаптарға сенбеген адамның иманы жоқ деп саналады. Алла кітапта айтады:
Исламда қасиетті кітаптар деп мыналар аталады: Алла тарапынан Ибраһим мен Мұсаға түскен парақтар () Тәурат кітабы () — Мұса пайғамбарға түсірілген, Исраил ұрпағының ең ұлы кітабы Забур кітабы () — Дәуд пайғамбарға түсірілген кітап Інжіл кітабы () — Мәриям ұлы Иса пайғамбарға түсірілген кітап. Кейбір ғалымдар Інжіл Тәураттан тек Исраил ұрпақтары таласқа түскен кейбір жерлерінде ғана өзгеше деп санайды. Құран Кәрім кітабы — Мұхаммед пайғамбарға түсірілген Аллаһтың ақырғы кітабы«Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 38-41-ші беттер. ISBN 5-94824-071-1 Ислами сенім бойынша Тәурат, Інжіл секілді кітаптар Аллаһ тарапынан түскенімен, адамдар оларға әртүрлі өзгертулер енгізіп, олардың мағынасын өзгерткен. Ал Құран болса өзгертулерден сақталған боп саналады. Аллаһ айтады:
Періштелерге сену Арабтың «періште» (жекеше: мәләк , көпше түрде: мәләикә ) сөзі «жолдау» (улук ) сөзінен шыққан.
Періштелер Ислам дінінде Аллаһқа толығымен бағынышты, Оның кез келген әмірін орындайтын, елшілерге аян жеткізетін жаратылыстар. Құран Кәрімде періштелер жайлы былай делінген:
Мұхаммед пайғамбар періштелер туралы:
Имам әл-Байһақи періштелерге сену деген: олардың бар екеніне сену, олардың мәртебесін мойындап, олардың адамдар мен жындар секілді Аллаһтың құлдары екеніне сену олардың ішінде Алла елші қылып жіберетін, Алланың тағын (арш) көтеретін, жәннәт пен тозақы бақылайтын және т.б. періштелер бар екеніне сену. Осының барлығы Құранда келген«Мухтасар шуғаб әл-иман» — әл-Байһақи.
Періштелерге сиыну, олардан көмек сұрау мүлдем тиым салынған нәрсе. Алла айтады:
Ислам дінінде төмендегідей періштелердің аттары аталады: Жәбірейіл (): Пайғамбарларға уахи мен қасиетті кітаптарды әкелуші ең үлкен періштелердің біріБақара сүресі, 97-98 аяттар. Микәил () Исрафил () — Исрафилдың (а.с.) қызметі Сұрды (сырнай) үрлеу«Сахих Муслим», 770-ші хадис. Малик — жәннәттің қамқоршысыЗухруф сүресі, 77-ші аят Мәләк ул-мәут () — тіршілік атаулының жанын алатын періште. Киромән катибин — әрбір адамның бұл дүниеде істеген ісін айна қатесіз жазып отыратын екі періштеге берілген есім. Мункәр мен Накир () — бұл екі періште дүниеде дәм тұзы бітіп, қабірге барған адамнан сұрақ алу қызметін атқарады«Сахих әл-Бұхари» 1374; «Сахих Муслим» 2870. Хәмәлә ул-арш — Алланың жаратқан нәрселерінің ең үлкені Аршты тасушы 8 періштеге берілген есім. Ридуан () — жұмақ қамқоршысы«Әл-бидая уән-ниһая», 1/53; Ибн Кәсир
Пайғамбарлар мен елшілерге сену
Арабтың «нәбий» (пайғамбар ) сөзі «нәбә» (хабар ) сөзінен шыққан. Ислам дінінде иман негіздерінің төртіншісі — Алла тарапынан жер бетіне жіберілген пайғамбарларға иман келтіру. Алла Құранда оларды «расул» (елші) және «нәбий» (пайғамбар) деп атаған. Ислам дініндегі ең соңғы пайғамбар Мұхаммед болып есептеледі. Ислами сенім бойынша одан кейін пайғамбарлар жіберілмейді«Сахих Муслим» (523).
Пайғамбарлар мен елшілердің саны Алла жіберген елшілердің саны туралы Әбу Умамадан келген хадисте айтылған:
Ал пайғамбарлардың саны туралы кейбір хадистерде олардың саны 124 мың болғаны айтылған. Бірақ кей хадис ғалымдары оларды әлсіз санаған«Силсилә әд-даифа» (6090)
«Расул» мен «нәбийдің» айрмашылығы Исламда «нәбий» мен «расул» ұғымдарының арасында айырмашылық бар. Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа айтады:
Мұсылман ғалымдарының пікірінше пайғамбар мен елшінің айырмашылығы — елшілер қауымға жаңа шариғат әкеліп, оларға кітаптар берілген, ал пайғамбарлар болса өздерінің алдындағы Кітапқа шақырып, алдыңғы елшінің шариғатын бекіткен«Тафсир әл-Әлуси» (5/449); «Тафсир әл-Байдауи» (4/57).
Құранда аты аталған пайғамбарлар Көптеген пайғамбарлардың есімдері Құранда аталған. Мысалға: