нобай|300px| Ақмешіт әулие — ескі қамалдың орны, қасиетті жер.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 Ұлытау облысы Ұлытау тауының биік шоқысында орналасқан. 1946 жылы академик Ә.Х.Марғұлан зерттеген. Тік төртбұрышты жобамен салынған, көлемі 42х42 м. Іргесінің қалыңдығы 30-40 см, граниттен қаланған. Жанында тас обалар бар. Алғашқы кезде табынатын орын болған. Кейінірек төңірегіне атақты адамдарды жерлей бастаған. Зерттеулер Ақмешіт әулие көшпелі халық мекенінің орны екенін дәлелдеді.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Ұлытау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Ұлытау облысы