Шағансай – Талас алабындағы өзен.

Географиялық орны Түркістан облысы Созақ ауданы жерімен ағады.Ұзындығы 53 км, су жиналатын алабы 601 км2.

Бастауы Қаратаудың солтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Мойынқұм құмының оңтүстігіне жетпей тартылып қалады.

Гидрологиясы Жоғары бөлігі тау аралығында тар шатқалмен ағады, төменде кеңейеді. Негізінен қар суымен толығады. Көктемде тасып, жазда иірімдерге бөлініп қалады. Орташа су ағымы жазыққа шыққан тұсында 0,16 м3/с, лайлылығы 200 — 400 г/м3. Суы мал суаруға пайдаланылады, алабы — жайылым.Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім

Дереккөздер

Санат:Созақ ауданы өзендері Санат:Талас су алабы