Тартил () — Құранды мәнерлеп оқу, декламация. Араб тілінде Құранды «мәнерлеп, асықпай, дауысты жақсылап шығарып оқу» мағынасын бередіترتيل — AlMaany.com. Құранның әл-Муззәммил сүресінде Аллаһ тағала айтады:

«...Және Құранды өте анықтап оқы»

Тартил сөзі сонымен қатар Құранды Жәбірейіл періште Мұхаммед пайғамбарға қалай жеткізсе, солай мәнерлеп, бөліну (фасл) мен қосу (уасл) қағидаларын сақтап оқудың ережелерін атау үшін қолданылады. Ибн Касирдің тәпсірінде Муззәммил сүресінің аяты былай тәпсірленген: «яғни: Құранды мәнерлеп оқы, шын мәнінде бұл Құранды түсіну мен ол туралы ойлануға көмек болады. Және ол (Мұхаммед пайғамбар), Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын, солай оқитын болған». Дереккөздер

Тағы қараңыз Құран Қырааттар Тәджуид

Санат:Құран