Жұмабек Қамбаров (1950–2021) — қазақ әншісі, композиторы, журналисті, драматургі және ұстазы. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Семей өңірінің мәдени-ағартушылық өміріне үлес қосқан шығармашылық тұлға. Елуден астам әннің, бірнеше драмалық шығармалардың авторы. Өмірбаяны Ж. Қамбаров 1950 жылы қазіргі Абай облысы Абай ауданы Қасқабұлақ ауылында туған"Қазақтың дәтүрлі 1000 әні", EL production company, Co.Ltd 2010. Бала кезінен өнерге қызығушылық танытып, бес жасынан бастап домбыра тартып, «Еңлік-Кебек», «Қобыланды», «Алпамыс», «Қамбар» дастандарын жатқа орындаған. Оның бойындағы әдеби және музыкалық қабілетін ұстаздары Б. Исабаев пен Д. Боранбаев байқап, шығармашылық бағытта қолдау көрсеткен.Абай ауданының Құндызды орта мектебін бітіргеннен кейін аудандық «Қаламқас» ансамбліне және халық театрына қатысты. Әскери қызметтен кейін Алматы қаласына барып, Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің әншілер даярлайтын бөліміне оқуға түсті. Қазақстанның халық әртісі Жүсіпбек Елебековтің класында білім алып, 1973 жылы оқу орнын бітірді. 1975-1980 жылдары Семей қаласындағы Абай атындағы драма театрының әншісі болды. 1980-2002 жылдары Семей облыстық Радио-телевидение комитетінде, 2002-2006 жылдары Абай атындағы драма театрында қызмет етті. Театрдағы қызметі Театр сахнасында қазақтың дәстүрлі әндерін орындап, бірқатар спектакльдерде рөлдер сомдады. Ол «Қаракөз» спектаклінде Асан, «Менің атым Қожа» қойылымында Қожа, «Еңлік-Кебек» спектаклінде Жапал, «Кісінейді құлындар» қойылымында Дулат сияқты кейіпкерлерді орындады. Театрдағы қызметімен қатар журналистика және драматургия саласына да араласты. Драматургиялық шығармашылығы Жұмабек Қамбаровтың алғашқы пьесаларының бірі — «Аққу әні». Ол 1975 жылы жазылған. Кейінгі жылдары автор оннан астам пьеса жазды. Оның драмалық шығармаларының қатарында: • «Аққу әні»; • «Жер ана неге күрсінеді»; • «Махаббат, қызық мол жылдар»; • «Жаралы жүрек»; • «Желтоқсан жаңғырығы» шығармалары бар. 1989 жылы Семей ядролық полигонының зардабы тақырыбына арналған драмалық қойылым жазды. Шығармада полигонның Семей өңірі халқына тигізген зардаптары көркемдік тұрғыдан баяндалды. Журналистік қызметі 1980 жылы Жұмабек Қамбаров Семей облыстық телерадиокомпаниясының әдебиет және өнер редакциясына қызметке шақырылды. Телерадио саласында әдебиет пен өнер тақырыбындағы хабарлар дайындап, жас өнерпаздардың шығармашылығын насихаттауға атсалысты. Оның қатысуымен дайындалған «Халық таланттары», «Самал», «Өнеге», «Ән әлемі» сияқты әдеби-музыкалық хабарлар республикалық эфирден көрсетілді. =Ұстаздық қызметі = Жұмабек Қамбаров жас таланттарды қолдауға және өнерге баулуға да көңіл бөлді. 1980–1990 жылдары Семейдегі педагогикалық институт студенттеріне арналған «Еңлікгүл» эстетикалық клубын ұйымдастырып, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етті. Кейін Семей қаласындағы мектеп оқушыларынан құралған «Өнер» мектебінде қоғамдық негізде дәріс беріп, жас ұрпаққа өнер және мәдениет бағытында тәлім-тәрбие жүргізді. Шығармалары Жұмабек Қамбаров елуден астам әннің авторы. Оның әдеби-драматургиялық мұраларымен қатар, өнер және мәдениет тақырыбындағы еңбектері жарық көрді. Кітаптары: • «Мұхтар асуы»; • « Сан сырлы сахна»

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар