Байбек ЕрмековҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 15 ақпан 1900 жылы, Шымкент облысы(қазіргі Түркістан облысы), Келес ауданы(қазіргі Сарыағаш ауданы), В.И.Чапаев атындағы совхозда туған.

Еңбек жолдары 1939 жылдан КОКП мүшесі. 1918-1929 жылдары мұрап. 1930-1937 және 1944-1952 жылдары Шымкент облысы(қазіргі Түркістан облысы), Келес ауданы(қазіргі Сарыағаш ауданы "Қызыл әскер" колхозы председателі. 1934-1937 жылдары ол басқарған шаруашылық әр гектардан 31 ц-ден мақта, ал 1944-1952 жылдары әр гектардан 85,5 ц-ден шиітті мақта жинады. 1-3 сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды.

Наградалары Ленин ордені 2 рет "Құрмет белгісі" ордені 2-дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені Социалистік Еңбек Ері (1948) Ғ.Мұратбаев атындағы совхоздың "Қызыл әскер" бөлімшесінде ескерткіш орнатылған(1987 жылғы дерек).

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:КОКП мүшелері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері