Алтынбек ДәрібаевҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. — Социалистік Еңбек Ері (1971), Қазақстан қара металлургия негізін қалаушылардың және республикада болат балқытудың жаңа технологияларын енгізушілердің бірі. 1927 жылы Шымкент облысы, Қызылқұм ауданы (қазіргі Отырар ауданы) , Шәуілдір ауылында туған.

Еңбек жолдары Еңбек жолын 1943 жылы колхозшы болудан бастады. 1943 жылы комсомол жолдамасымен Қазақ металлургия зауытына жұмысқа келеді. Осында әуелі болат балқытушының көмекшісі, сонан кейін болат балқытушының өзі, содан кейін мартен цехының мастері болып істеді. 1947 жылдан КОКП мүшесі болды. 1968-1978 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының аға конвертершісі болды. 1970 жылы ол басқарған комсомол-жастар бригадасы 250 т-лық оттегілік конвертерде қазақстандық тұңғыш болат қорытты. Жастар тәлімгірі. 1978 жылы одақтық дәрежедегі дербес пенсионер(зейнеткер) болды. Қазақстан Компартиясы 4-7 және 14-съездері делегаты болды.

Марапаттар Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері(1971) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан металлургтері