Вирусты гепатит Д (ВГД) – РНК-геномды дельтавирустармен шақырылатын, парентральды жолмен тарайтын, бауырды зақымдайтын, көбінесе қолайсыз аяқталатын жедел немесе созылмалы вирусты инфекция. Этиологиясы Қоздырғышы Deltavrrus тұқымдасының РНҚ-геномды вирусы: сфера тәрізді, бір жіпті сақина тәрізді РНК-сы бар, спецификалық антиген (HD-an) және сыртқы қабықшасы бар, сыртқы ортаға төзімді болып келеді. Эпидемиологиясы Ауру көзі-ауру адам немесе тасымалдаушы. Тарау жолдары: парентральды, вертикальды (трансплацентарлы) болып табылады. Ауруға бейім топтары: гемофимиямен ауыратындар, қанмен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері, нашақорлар саналады. Ауырғаннан кейінгі иммунитет тұрақты, ұзақ иммунитет қалыптасады. Патогенезі Вирус қан арқылы бауыр гепатоциттеріне жетеді. Мұнда оның репликациясы өтеді → вирус гепатоциттерге тікелей цитопатогендік әсер етеді → HDV пен HBV бірге түскенде коинфекция дамиды → HDV қабаттасқанда суперинфекция дамиды → нәтижесінде жедел вирусты гепатит Д дамиды → некроздық өзгерістер немесе цирроздық өзгерістер қалыптасу тән Патологиялық анатомиясы жедел түрінде бауырда айқын некроздану байқалады созылмалы түрінде бауырды белсенді қабыну өзгерістерімен қатар циррозды белгілер байқалады Клиникалық көрінісі ВГД-ның 2 түрі белгілі: коинфекция-жедел аралас гепатит суперинфекция- созылмалы В-инфекция үстінен жедел Д гепатит ВГД-да мынандай клиникалық жіктелу қолданылады: Түрі Ауырлығы АғымыКлиникалық көрінісімен: сарғаю фулминантты сарғаюсыз Клиникалық көрініссіз: субклиникалық вирус тасымалдаушы жеңіл (10%) орташа (45%) ауыр (25%) Жедел Созылмалы
thumb|200px|frame|ВГД қоздырғышының дельта-антигені Сарғаю алды кезең. Ұзақтығы орташа 5 күн. Бұл кезде байқалады: астеновегетативтік синдром, артралгия, кейде интоксикациялық синдром, диспепсиялық бұзылыстар, гепаталгия
Суперинфекция Hb sAd тасымалдаушылықта қалыптасса, жедел вирусты Д гепаттиті дамиды: қысқа инкубациялық мерзім (3-4 апта) қысқа продромальды (сарғаю алды) кезең жедел басталуы (жоғары температура, артралгия, гепаталгия, экзантема т .б.). сарғаю кезеңінде интоксикация синдромы айқын өршиді бауыр мен көкбауыр ұлғаяды кейбіреуінде ісіну- асциттік синдромы дамиды өту бағыты-толқын тәрізді Асқынулары Бауырдың клеткалық жедел жетіспеушілігі (БКЖ І,ІІ дәрежесі-прекома, БКЖ ІІІ, ІУ дәрежесі-кома). Диагностикасы клиникалық белгілер лабораториялық зерттеулер иммунологиялық сынамалар анти ВГД, анти ВГД-zdM-ды анықтау) спецификалық емес (биохимиялық) трансаминозалар, билирубин т.б. Дифференциальдық диагностикасы жедел вирусты гепатит В созылмалы BVB-ң өршу кезеңімен өт жолдарының ауруларымен Емі госпитализация күн тәртібі – төсектік режим диета №5 дастарқан патогенетикалық ем симптоматикалық ем этиотропты ем Ауру соңы коинфекцияда: сауығу (75%) летальды (25%) созылмалы гепатит бауыр циррозы қалыптасады (сирек) суперинфекцияда: сауығу (сирек) летальды созылмалы гепатит, бауыр циррозы қалыптасу (70%) Шығару ережелері клиникалық сауығу биохимиялық көрсеткіштердің қалыптасуы
Алдын алуы парентральды тарау жолдарына қарсы профилактикалық шаралар В гепатитке қарсы жасалатын вакцина.
Санат:Жұқпалы аурулар
Тағы қараңыз Вирусты гепатит А
Вирусты гепатит В Әдебиеттер Семенов С. И. Кривошпакин В. Г. Саввин Р. Г. Индеева Л. Д., Павлов Н. Н. Хронические вирусные гепатиты B, C, D в условиях Крайнего севера. Якутск, Триада, 2003. — 120 с. Микробиология. В.Д.Тимаков,В.С.Левашев,Л.Б.Борисов.
Микробиология7 Вербина Н. М., Каптерёва Ю. В.
“Жұқпалы аурулар” А.Қ. Дүйсенова