Ерлан Мэлсұлы Сүлеймен – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың химия кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты, PhD, қолданбалы химия институтының директоры.
Білімі, ғылыми атағы мен дәрежесі 1996 г. Химия бойынша бакалавр. Дипломдық жұмыс тақырыбы: "Ханфиллинді химиялық түрлендіру"; 1998 ж. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Химия» мамандығы бойынша ғылым магистрі. Дипломдық жұмыс тақырыбы: "Транс-аннулярная циклизация E,E-гермакранолида ханфиллина"; 1999-2002 жж. Фитохимия институты жанындағы аспирантура, Қарағанды; 2000 ж. Андолу университеті жанындағы эфир майы құрамын және оның биологиялық белсенділігін зерттеу (TBAM), Эскишехир, Tүркия; 2003 ж. Ұлттық мәдениет мен салт-дәстүр халықаралық орталығы жанындағы ағылшын тілдік курстары, Қарағанды; 2004 ж. Химия ғылымдарының кандидаты. Тақырыбы: "Биологиялық белсенді моно- және сесквитерпеноидтар"; 2004-2006 жж. “Болашақ” өзекті білім институты. Құқықтану бойынша бакалавр; 2006-2009 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты; 2008 ж. Анадолу университетінің (Эскишехир, Түркия (UNIDO-ICS) фармацевтикалық факультетінде жүргізілген “Эфир майын пайдалануда және сапасын бақылау, технологиясы ” жаттықтыру курсы; 2009 ж. “Видергебурт” (Астана) неміс қауымдастығы жанындағы неміс тілінің курсы; 2009 ж. Кумамото қ.(Япония) жапон тілін меңгеру курсы;
Еңбек жолы 1993-1998 жж. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің №10 дәрі-дәрмектер қосылыстары зертханасының зертханашысы; 1998-1999 жж. “Тұрмыс” ПКСК төрағасы, Қарағанды; 2004-2006 жж. Фитохимия институтының аға ғылыми қызметкері, Қарағанды; 2006-2007 жж. “Сары Арқа Спецкокс” ЖШС бас технолог, Қарағанды; *2006 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми қызметкері, Астана; 2006 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттер ғылыми қоғамының президенті, Астана; 2007 ж. Леувена қ. Католиктік университеті (Бельгия) жанындағы тағылымдама . “Табиғи қосылыстарды ЯМР әдісі арқылы құрылымдық сәйкестендіру”; 2008 ж. Сантьяго де Компостела (Испания) университеті жанындағы тағылымдама. “Синтез оптически активных полимеров”; 2008 ж. Джордж Август университеті жанындағы постдокторлық тағылымдама г. Геттинген қ. (Германия). “Табиғи қосылыстарды ЯМР әдісі арқылы құрылымдық сәйкестендіру”; 2009 ж. Гумбольдт университеті жанындағы постдокторлық ғылыми тағылымдама Берлин қ. (Германия). “Химическая модификация и исследование противоопухолевых свойств юринеолида”; 2009 ж. Кумамото университеті жанындағы (Жапония) постдокторлық тағылымдама. “Сверхкритическая жидкостная экстракция растений Казахстана”; 2009 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасының доценті; 2010 ж. Леувена қ. Католиктік университеті (Бельгия) жанындағы тағылымдама . “Структурная идентификация природных соединений методом ЯМР”, «Синтез антиВИЧ производных бетулина», Синтез компонентов для компании Procter and Gamble»; 2010 ж. Астана қаласының Медицина университетінің биохимия кафедрасының профессоры; 2010 ж. «Еуразия өнертапқыштары» өнертапқыштар қауымдастығының президенті; 2011 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін Сүлеймен Ерлан Мэлсұлы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қолданбалы химия институтының директоры.
Марапаттары мен жетістіктері
ҚР БҒМ «2006-2008 жж. арналған жас талантты ғалым»,
«2008-2010 жж. арналған жас талантты ғалым»,
«2010-2012 жж. арналған жас талантты ғалым» мемлекеттік стипендиясының иегері;
2008 жылы 21-25 шілде аралығында Анадолу университеті (Ескишехир қаласы, Түркия) базасында өткен ICS UNIDO (Италия) линиясы эфир майы бойынша оқыту бағдарламасы бойынша байқау жеңімпазы;
2008 жылы 25 қыркүйектен 25 желтоқсанға дейін жас ғалымдарға арналған DAAD (Германия) халықаралық стипендиясын жеңіп алды; Эрасмус мундус бағдарламасы бойынша Германияға (Гумбольдт университеті, Берлин қаласы) тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
2009 жылы 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында Кумамото университетіне тағылымдамадан өту үшін Мацумае халықаралық грантына ие болды. ЮСАИД грантының иегері, "Инновациялық Форсаж" жобасының финалисі (2011).
“Фитохимия институтының ең үздік жас ғалымы” байқауының лауреаты, 2002 ж.; “Фитохимия институтының ең үздік жас ғалымы” байқауының лауреаты, 2003 ж.;
ҚР БҒМ «2006-2008 жж. арналған жас талантты ғалым» байқауының лауреаты, Германия Федералды Республикасы (DAAD) қорының лауреаты 2008 ж.;
«Ғылымға қосқан үлесі үшін» медалі, 2008 ж.;
Эрасмус Мундус (Еуропалық Одақ) қорының лауреаты, 2009 ж.;
ТМД (Ресей) гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласы бойынша инновациялық жобалар ашық жастар байқауының лауреаты, 2010 ж.;
Импакт-факторы жоғары басылымда мақала жариялағаны үшін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың алғыс хаты; ЮСАИД гранты - Community connections - Small business development trough new technologies and innovations, 2011
Дереккөздер
Санат:Еуразиялық ұлттық университеті қызметкерлері Санат:Химия ғылымдарының кандидаттары Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті түлектері