Dr. Ing. h.c. F. Porsche AG (айтылуы По́рше, толық атауы Doktor Ingenieur honoris causa Ferdinand Porsche Aktiengesellschaft — Инженерлік ғылымдар құрметті докторы Фердинанд Порше акционерлік қоғамы) — германиялық инжиниринг компаниясы. Негізін 1931 жылы (25 сәуір) атақты конструктор Фердинанд Порше қалаған. Штаб-пәтері және мануфактура Германияның Штутгарт қаласында орналасқан. Негізгі акционері - Порше әулеті. Porsche әлемдегі ең жоғары табысты автомобильдік компания (әрбір сатылған машинаға шаққан табыс бойынша - $22 160 (2012 ж.)) болып табылады. 2010 жылы Porsche автомобильдері ең сенімді ретінде мойындалған.
Кейбір танымал модельдері
Дереккөздер
Санат:Германия автомобиль жасау компаниялары Санат:Porsche